Референдум • 05 Маусым, 2022

Қырғыз байқаушысы сайлау учаскелері халықаралық талаптарға сай екенін айтты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстаннан келген халықаралық байқаушы, Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ұзарбек Жылқыбаев қазақстандықтардың референдумдағы белсенділігі туралы пікір айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыз байқаушысы сайлау учаскелері халықаралық талаптарға сай екенін айтты

Оның атап өтуінше, Қырғызстаннан 8 адам, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 4, Шымкентте – 2, Алматыда – 2 адам байқаушы ретінде тіркелді.

«Бүгін таңертең біз 10 учаскені бақыладық. Олардың барлығы жалпы дайын, отандық заңнама мен халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап береді. Сайлаушылар белсенді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Конституцияға өзгертулер екінші рет референдум арқылы енгізілуде. Азаматтар мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінеді», деді Ұзарбек Жылқыбаев Алматыда өткен брифингте.